Еуропаның үш елі – Германия, Франция және Ұлыбританияның сыртқы істер министрлері Иранмен Израиль арасындағы шиеленісті азайту жөнінде келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Алайда Иран тарапы қазіргі жағдайда дипломатияның уақыты келмегенін мәлімдеді.
«Израиль шабуылдарын тоқтатпайынша, ешқандай келіссөз де, дипломатиялық байланыс та болуы мүмкін емес. Біз ешкіммен диалог жүргізуге дайын емеспіз. Америкалықтармен де ешқандай байланыс жоқ», – деді Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи 20 маусым күні ирандық SNN порталына берген сұхбатында.
Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығыс екінші аптаға жалғасып жатқан тұста, Еуропа елдері бұл шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге күш салып отыр. Германия, Франция және Ұлыбритания...