Ресей Өзбекстанда қуаты 2 ГВт болатын үлкен АЭС және 110 МВТ қуаттағы шағын атом станция салады. Қазір Өзбекстан мен Ресей атом станциясы құрылысының экономикалық параметрлерін талқылап жатыр. Бұл жайлы Петербург халықаралық экономикалық форумы кезінде Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак мәлімдеді.
«Бүгін нақты экономикалық параметрлерді талқылау жүріп жатыр. Бұл 1000 МВт-тық екі ірі энергоблок және 55 МВт-тан екі шағын блок болады. Біз алғаш рет Өзбекстанда шағын қуатты атом электр станциясын іске асыратын боламыз», – деп мәлімдеді ол.
Оның атап өтуінше, Өзбекстандағы АЭС-тің бірінші шағын блогын іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Қазір «Росатом...