Citigroup Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы жабылса, Brent маркалы мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
«Бұғаздың жабылуы бағаны бірден көтеріп жібереді. Бірақ ол ұзаққа созылмауы мүмкін. Себебі бәрі оны тезірек ашуға күш салады. Сондықтан бұғаз бірнеше айға жабылмау керек», – дейді компанияның сарапшылары.
Ормуз бұғазы — Парсы шығанағына кіретін шағын су жолы. Ол арқылы күнде әлемде өндірілетін мұнайдың бестен бірі өтеді. Сауд Арабиясы мен Ирак мұнайы осы теңіз жолы арқылы тасымалданады.
Citigroup болжамына қарағанда, бірнеше ай көлемінде күніне шамамен 3 млн баррель мұнай тасымалы бұзылады.
Мамандар Иран өндіретін мұнай экспортыны...