Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы шілде айынан бастап «Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жаңа электр пойызы жолға шығатынын хабарлады.
Ұлттық компания «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірінші, екінші және үшінші класты жаңа электр пойызын пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын жеткізді
Құрам Астана – Бурабай курорты бағдары бойынша жүретін болады.
«Пойыз алты вагоннан тұрады және 374 орынға арналған. Ол барлық қажетті техникалық тексерулерден өтті. Қазіргі уақытта Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құжаттаманы ресімдеу аяқталуда», – делінген хабарламада.
Қазақстан темір жолы әр класта биодәретханалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы бейінделген кабиналар қарастырылғанын атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға...