Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылында бой көтерген жаңа балабақша ғимараты сүрілетін болды. Оның құрылысына 605 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» жазды.
«Балдәурен» балабақшасы «Игілік» бағдарламасы аясында салынған. Қаражатты «Теңізшевройл» компаниясы бөлген.
Ғимарат 2016 жылы пайдалануға берілгеннен кейін, оның қабырғалары бірден сөгіле бастаған. Бірнеше мәрте жөнделгеніне қарамастан, ғимараттың іргетасы отыра берген. 2022 жылы апатты ғимарат деп танылды. «Балдәурен» үш жылдан бері қаңырап бос тұр.
Балабақша ғимаратының сапасы неге нашар екені айтылмады. Оған кімдер кінәлі екені туралы да ешкім ештеңе демеді. Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуынша, ғимарат аудандық білім бөлімі есебінде тұр. Техникалық сараптамадан...