Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің тек 15%-ы ғана отандық бөлшектерден тұрады. Осылай деген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық локализация деңгейінің төмен екенін мойындады.
«Дәл қазір, әрине, локализация деңгейі жоғары емес. Оны мойындауымыз қажет. Бірақ үлкен локализация деңгейіне жету үшін бірнеше тәсіл бар. Қазіргі таңда бізде CKD деген тәсіл бар, яғни шағын түйінді құрастыру. 2025 жылдың бірінші тоқсанында, екі үлкен зауытты іске қосатын боламыз. Сол кезде локализацияның деңгейін арттырамыз. Себебі сол екі зауыттың ең негізгі мақсаты CKD тәсілімен көліктерді өндіру. Қазіргі уақытта мультимедиялық жүйелер жасап жатырмыз, пластик бөлшектер, дөңгелектер, автоорындықтарды өндіріп жатырмыз. Шамамен дәл қазір менің ойымша 15%-ы отандық локализация болады. Бұл бізд...