Әлемге әйгілі жасыл алып — Шрек мультфильмінің кейіпкері шын өмірде өмір сүрген адамнан алынған ба? Оның прототипі ретінде палуан, ерекше келбетімен, «Француз періштесі» деген лақап атпен танымал болған Морис Тийе.
Балалық шағы
Морис Тийе 1903 жылы 23 қазанда Ресейдің Орал өңірінде дүниеге келген. Әкесі теміржол инженері, анасы мұғалім болған. Бала күнінде Морис өте сымбатты болғаны соншалық — оны «періште» деп атаған. Алайда 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін анасы екеуі Францияға қоныс аударып, Реймс қаласына көшеді.
17 жасында Морис денесінде біртүрлі өзгерістерді байқай бастайды — аяқ-қолы мен басы ісініп, өзгеріске ұшырайды. 19 жасында оған сирек кездесетін акромегалия диагнозы...