Студенттер Қазақстанда да, шетелде де сұранысқа ие
Шығыс Қазақстан облысының Геологиялық барлау колледжінің жүздеген студенті мен түлегі тек Қазақстанда ғана емес, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД, тіпті Африка елдерінде жұмыс істеп, өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Бұл оқу орнының қазақстандық, сондай-ақ шетелдік геологиялық барлау компанияларымен әріптестік орнатуының арқасында жүзеге асып отыр. Геологиялық барлау колледжінің түлектері жұмысқа орналастыру деңгейі 96%-ды құрайды.
Колледжде кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімі жұмыс істейді. ТжКБ ұйымдарының жұмыс берушілермен қол жеткізген келісімдерінің арқасында түлектер жұмысқа орналастырылды, ал колледж студенттер...