АҚШ президенті Дональд Трамп «Бәрі тез арада Тегераннан эвакуациялануы керек!» деп мәлімдеді. Ол үндеуін өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.
Ақ үй басшысының Иран халқының астанадан не себепті кетуі керектігін түсіндірмеді. Тегеранда 10 млн халық тұрады.
«Иран мен ұсынған келісімге қол қоюы керек еді. Масқара. Адам өмірін босқа құрту. Бір сөзбен айтқанда, Иранда ядролық қару болмайды. Мен тағы да, тағы да қайталап айтам! Бәрі тез арада Тегераннан эвакуациялануы керек!», – деп жазды АҚШ президенті.
Ақ үй өкілі CNN телеарнасына Трамптың «Тегераннан тез кетсін» деген мәлімдемесі нені білдіретінін түсіндіруге тырысқан. Шенеуніктің айтуынша, АҚШ...