27 қазан күні Өзбекстанда Олий Мажлис (Парламенттің төменгі палатасы) депутаттары мен жергілікті кеңестер мүшелерін сайлау өтіп жатыр.
Өзбекстанда алғаш рет Парламенттің заң шығару палатасына сайлау аралас жүйе бойынша өтуде. Азаматтар 75 депутатқа дауыс береді, тағы 75 депутат партиялық жүйе бойынша сайланады.
Сайлауды 800-ден астам шетелдік және халықаралық байқаушылар қадағалайды.
Дауыс беруге Өзбекстан азаматтары, соның ішінде шетелде тұратын, сайлау күні немесе оған дейін 18 жасқа толған азаматтар қатысуға құқылы. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметі бойынша 19,9 миллион сайлаушы тіркелген.
Сайлауға бес партия қатысуда:
Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы, Өзбекстанның экологиялық партиясы, Өзбекстан халық-демократиялық партиясы, «Адолат» социал-демократиялық партиясы.Орталық сайлау...