Ленинград облысында қатерлі ісікке шалдыққан егде жастағы әйел коронавирусқа байланысты қажетті медициналық көмек ала алмай, өзіне ота жасалды, деп хабарлады ВВС сайты жедел жәрдем қызметкеріне сілтеме жасап хабарлады. Құзырлы органдар тексеруге кірісті.
Жедел жәрдемнің фельдшері Виктория Шутова ВКонтакте желісіндегі парақшасында айтқандай, соғыс пен блокададан аман өткен зейнеткер әйел қатерлі ісік ауруына шалдыққан, ол асцит түріндегі асқынуды – құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуын тудырды.
Жазба авторының айтуынша, зейнеткер коронавирусқа байланысты «уақтылы көмек ала алмаған» және ауырсынуды басу үшін операцияны өзі жасауға шешім қабылдаған.
«Әженің өзі жағдайды жеңілдету үшін хирургиялық араласу – лапароцентез жасайды. Яғни сұйықтықты кетіру үшін іштің алдыңғы қабырғасын...