Иранның жоғары көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль соққысы кезінде бункерге тығылуға мәжбүр болды. Бұл туралы Iran International дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Басылым мәліметінше, 13 маусымда таңертең, Израиль Иран аумағын атқылай бастаған уақытта, Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи Тегеранның солтүстік-батысындағы Лавизанда орналасқан бункерге тығылған. Бұл туралы Ирандағы екі дереккөз хабарлаған.
Дереккөздер мәліметінше, Хаменеидің бүкіл отбасы, Моджтаба есімді ұлы да бункерден шықпай отырған.
Iran International мәліметінше, Израиль 2024 жылы сәуір және қазан айларында Иранды атқылаған уақытта да Хаменеи отбасымен бірге осы бункерге тығылған.
Дереккөздің айтуынша, 15 маусымда Израиль Иранның ең шалғайдағы ауданы – Мешхед әуежайын атқылады. Ол Түркіменстан шекарасына...