Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясында Қазақстанның алты дүркін чемпионы өз алаңында голландиялық «АЗ Алкмар» клубын қабылдап, ойсыратқан жеңіліске ұшырады.
Екі апта бұрын қазақстандықтар голландықтардан олардың алаңында 0:6 есебімен ұтылған болатын. Жауапты ойынның бірінші таймы тең күресте, тіпті, алаң иелерінің аздаған басымдығымен өтті. Алайда «Астаны» футболшылары голландтықтардың қақпасына мүлдем қауіп төндірген жоқ, ал қонақтар өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, ойынның 29-минутында Ненада Эричтың қақпасының кілтін таба білді.
Екінші тайм басталысымен қазақстандық команда есепті теңестіру үшін алға ұмтылып, АЗ-тің қанжардай қарымта шабуылдарына ұшырай бастады. Олардың екеуі табысты аяқталып, ойынның бір сағаты өткенде, есеп 0:3-ке жетті.
Бұдан кейін, «астаналықтардың» қорғанысынан береке кетіп, нидерландылық қонақтар тағы...