Үндістан 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау үшін Bharat Biotech препаратын қолдануды мақұлдады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Вакцинациялаудың бірінші және екінші компоненттері арасындағы мерзім 20 күнді құрайды. Пандемия кезінде Үндістанда коронавирусты жұқтырудың 33,9 миллионнан астам жағдайы тіркелді.
Квебекте шамамен 15 мың дәрігер вакцинациядан бас тартқандықтан жұмысынан айрылуы мүмкін. Провинцияның барлық медицина қызметкерлері 15 қазанға дейін облыстың денсаулық сақтау министрлігіне иммундаудың толық курсы туралы анықтама беруі тиіс. Әйтпесе, олар жұмыс лицензияларын қайтарып алады.
Филиппин Президенті COVID-19-ға қарсы вакцинация жасау туралы бір шешімге келе алмай жүрген...