Туризм және спорт министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салынғанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, мұндай шектеуді Азаматтық авиация комитеті енгізген. Шектеу арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады.
Аталған ведомствоның нұсқауы отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты.
«Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз. Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынады», – делінген хабарламада.
Туризм және...