Португалияда жағымсыз оқиға орын алды. Вакцинацияға түбегейлі қарсы болған отбасы түгелімен COVID-19-дан қайтыс болды. Бұл туралы марқұмдардың туысы Фрэнсис Гонсалвес айтты. Ер адамның айтуынша, анасы, әкесі және ағасы екпеге қарсы үгіт-насихат тобының айтқандарына сеніп, иммундаудан бас тартты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Барлығы коронавирус жұқтырып, бір апта ішінде қайтыс болды. Гонсалвеш бұл фактіні жариялаудағы мақсатын вакцинацияның басқа қарсыластарына ой салып, бұл бұрыс әрекеттерін тоқтатады деп түсіндірді. Қазіргі уақытта Португалия билігі елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде астанасы Лиссабонда коменданттық сағат енгізді.
Түркияда шамамен 6 миллион адам пандемия...