Оңтүстік Корея ұжымдық иммунитет қалыптастыруға барынша тырысып бағуда. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Жақында COVID-19-ға қарсы толық немесе ішінара вакцинациядан өткен ел тұрғындарының саны 20 миллион адамға жетеді, – деді Мемлекет басшысы Мун Чжэ Ин. Президент вакцинация ауыр асқынулардың пайда болу қаупін және сәйкесінше өлім деңгейін төмендету үшін қажет екенін атап өтті. Жаппай иммундау жоспарына сәйкес қыркүйек айының соңына қарай 36 миллионға жуық азамат COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алады, бұл ел халқының 70% құрайды.
Вакцинаның кезекті жеткізілімі күтіліп, пандемияның төртінші толқынына дайындық жүргізілуде. Канада...