Елдегі қуаңшылыққа байланысты Қызылорда облысы, Арал өңіріне 13 шілдеден төтенше жағдай енгізілді, деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты. Қуаңшылықтан 559 бас мал өлген. Қалған мал басын сақтап қалуға бағытталған іс-шаралар үшін аймақ басшылығы республикалық бюджеттен қаржы бөлуді сұрап отыр.
«Биыл Арал ауданында құрғақшылық орын алып, 559 мал басының өліміне себеп болды. Бірінші кезекте мал басын аман алып қалу үшін су ұңғымаларын қазу, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыруғаканалдар тазаланып, су тоспалары салынуы керек. Бұл жобалар толық жүзеге асуы үшін Сырдария өзенінің Бұрмаұлақ арнасын бөгеп, Аспай суағытқысын іске қосу арқылы, Ақшатау-Қамбаш көлдер жүйесін суландыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған жұмыстардың ір...