Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және мұнай-газ өнеркәсібі мен маңызды пайдалы қазбалар саласында жаңа жобаларды іске қосу үшін БРИКС+-пен ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.
Қазақстан мұнай, газ және маңызды пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге қатысты қолданыстағы жобаларды ілгерілетуге және іске қосуға мүдделі. Тоқаев су тапшылығы, температураның көтерілуі және шөлейттену сияқты негізгі жаһандық сын-қатерлерге тоқталды. Оның айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін елдер күш біріктіруі керек.
«Біз БРИКС шеңберіндегі өзара іс — қимыл Солтүстік пен оңтүстік арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, елдер дамуындағы теңгерімсіздіктерді жоюға, халықаралық қауіпсіздікті арттыруға және жаһандық прогреске жағдай жасауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз...