Американдық Apple корпорациясының бас мердігері – Тайвандық Foxconn компаниясы Вьетнамда планшеттер мен ноутбуктарды құрастыратын зауыт құруға 270 миллион доллар инвестиция салады, деп хабарлайды ТАСС.
«Зан чи» газетінің хабарлауынша, Foxconn-дің инвестициялық лицензия рәсімі 18 қаңтарда кәсіпорын орналасқан Бакзянг провинциясында өтті.
Бакзянг провинциясы инвесторларға ең жақсы техникалық инфрақұрылымды және барлық қажетті қызметтерді ұсынады, сондай-ақ өндірісті бастау және құру бойынша әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың оңайлатылған режимін жасайды, деді провинцияның Халық комитетінің (әкімшілігі) төрағасы Ле Ань Зыонг.
Өткен жылдың соңында Foxconn Қытай мен АҚШ сауда шиеленістерінің өндірісіне әсерін азайту үшін Apple-дің кейбір технологияларын Қытайдан Вьетнамға көшіру туралы жоспарларын жариялады. Компанияның Вьетнамдағы жаңа зауыты...