Геологиялық барлау барысында Қазақстан аумағынан мыс, никель, көмір, алтын және сирек жер металдардан тұратын 38 перспективалы кен учаскесі анықталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«2026 жылға қарай еліміз аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуі 2,2 млн шаршы шақырымға жетуі тиіс. 2024 жылы қамту 2 014,4 мың шаршы шақырымды құрады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қандай ресурстар бар?
2025 жылдың бірінші тоқсанында ауқымды зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде пайдалы қазбаларының әлеуеті жоғары 38 учаске анықталған. Бұл учаскелерде мынадай болжамды ресурстар бар:
2,6 млн тонна сирек жер металдары, 1,1 млрд тонна қоңыр көмір, 3,7 млн тонна мыс...