Қазақстанда биыл қант қызылшасынан мол өнім түседі деп жоспарланып отыр. Ал қант өңдейтін зауыт аз. Елде небәрі 4 зауыт жұмыс істейді. Оның бірі тек қант қамысын өңдей алады. Қалған үш зауыттың егістіктерден жиналатын қант қызылшасын өңдеуге қауқары жетпейді. Осыған орай Қазақстан Қырғызстаннан көмек сұрауы мүмкін. Бұл жайлы Үкімет сағатында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев айтты.
Облыс әкімінің айтуынша, Жамбыл облысының өзінде 640 мың тонна қант қызылшасын өндіру жоспарланып отыр. Қарашөкеев бұл көлемдегі қант қызылшасын зауытқа өткізу мәселесіне қатысты шаруалар алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты. Шаруалардан Меркі зауыты үлкен мөлшерде шикізат қаблдауы үшін арнайы келісім жасалған. Ол келісімге сәйкес...