Газдан уланған бес адамның қаза болуына күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғын үйлерінің бірінде улы газбен уланып, бес адамның қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жайт Түркістан қалалық полиция басқармасында СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тіркелді.
Полиция қызметкерлері болған оқиғаның ауырлығы мен қоғамдық резонанс тудыруына байланысты жедел-тергеу шараларын атқарды. Оның ішінде сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауаптар алынып, қажетті деген барлық жұмыстар жүргізілді.
«Улы газдан бір отбасының бес бірдей мүшесі қаза болып, біздің облыста үлкен резонанс тудырды...