Жаңа Экологиялық кодекс қабылданса, бұрыннан келе жатқан өнеркәсіп кәсіпорындары банкротқа ұшырауы мүмкін. Uralsk Green Forum халықаралық экологиялық форумында өндіріс саласының мамандары салалық мекеме өкілдерімен осы және өзге де өзекті мәселелерді талқылады.
Аталмыш форумның ұйымдастырушысы – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» консорциумы.
«Біздің басты мақсатымыз – мұнай мен газ өндірудегі қалдықты азайту бойынша әлемдік стандарттарға жету. Ілеспе газды жағу барысында қоршаған ортаға тигізетін зиянын төмендету үшін жаңа технологияларды ендіруді қолға алып жатырмыз», – деп атап өтті ҚПО бас директоры Эвин Блом.
Оның айтуынша, ҚПО-ның жеткен жетістіктері де жоғары – көмірсутекті өндіру барысында ілеспе газ жалындап жанбайды, компания оны бұрғылау кезінде-ақ жағып...