Мемлекеттік реттеуші органдардың маркетплестер жұмысына шамадан тыс араласуы Қазақстандағы электронды коммерцияның дамуына кедергі келтіреді. Бұл туралы KURSIV ECOSYSTEMS форумы кезінде Ozon компаниясының Қазақстандағы басшысы Мөлдір Рысалиева айтты.
«Мемлекеттік реттеу туралы айтатын болсақ, қазір электронды коммерцияның даму қарқыны аса жоғары екенін ескеру қажет. Ол күнделікті дамып отырады. Мемлекеттік органдардың шамадан тыс реттеуге тырысуы электронды коммерцияның дамуына кедергі келтіреді», – дейді ол.
Рысалиеваның айтуынша, мемлекет электронды коммерцияның артуына мүдделі бола тұра реттеуші болғысы келеді және бірінші кезекте маркетплейстерді бақылау тетігіне ие болуды көздейді.
«Реттеуге қатысты талқылаулардың сорақы тұсы мұны заң жүзінде бекіткісі келед...