Шымкенттегі «Айкөркем» жекеменшік балабақшасының қызметкері үш жасқа толмаған балаларды кезекпен ұрған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиғаның болғанын балабақша меңгерушісі растады. Ал қалалық полиция департаменті балабақша қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оның қамалғанын мәлімдеді.
Желіде тараған видеоға қарағанда, балаларының денесінен көгерген іздерін байқаған ата-ана балабақшадағы бейнебақылау камерасын аштырған. Онда балабақшаның шамамен 3 жасқа толмаған тобын көруге болады. Кей балалар еденде жатқанын, енді бір тобы отырғаны байқалады. Арасында балаларға бас-көз болып отырған балабақша қызметкері балаларды ұрып-соғады. Оны көрген ата-ана эмоциясын жасыра алмай: «Не деген сұмдық мынау, апай? Мен бір ұрды, мақұл деп кешіремін деп отыр едім. Енді кешіре алмаймын» дейді. Балабақша қызметкерлер...