АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында комендант сағаты енгізілді. Мұнда бірнеше күннен бері Дональд Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр.
Шектеу 10 маусымда кешкі сағат 20:00-де (Астана уақытымен 11 маусым сағат 08:00) басталып, сәрсенбінің таңына дейін созылады. Комендант сағаты қала орталығында іске асады.
Лос-Анджелес қаласының мэрі Карен Басстың айтуынша, наразылық акциялары барысында қаланың ондаған инфрақұрылым нысаны зардап шекті. Осының алдында орталықтағы 23 сауда нүктесі тоналғаны айтылған. Билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.
Калифорния штатының орталығындағы жаппай тәртіпсіздік 6 маусымда басталды. Бұған федералдық агенттердің заңсыз мигранттарға қарсы рейді себеп болды. Тексеру кезінде 44 адам ұсталған.
Наразылық акциясы басталған уақыттта АҚШ президент...