Ақтөбе облысында автожолдарды жөндеу және қайта салу жұмыстарына бюджеттен бөлінген 69,5 млрд теңгенің жартысы әлі күнге игерілмеген. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың мердігерлермен кездесуі кезінде белгілі болды.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, биыл жоспар бойынша 186 жоба аясында 4 440 шақырым жолды жақсарту қажет. Бұған бюджеттен 69,5 млрд теңге бөлінген. Ал қазіргі есеп бойынша аймақта 491,9 шақырым жол енді салынып, 315,7 шақырымға ғана асфальт төселіп үлгерген. Жұмыс көлемінің бестен бірі орындалғанына қарамастан, бюджеттен 34,2 млрд теңге жұмсалып та қойған.
«Ақтөбе қаласына бюджеттен 26 млрд теңге бөлінді, тек 10,4 млрд теңге игерілді. Ауыспалы жобаларға 2025 жылы 13,5 млрд теңге бөлінді, оның 6,4 млрд теңгесі бюджетті қайта қарау кезінде қайтарылады. Жоспарлау...