Қазақстан аяқ киім өндірісінің өкілдері «сырттан келетін арзан өніммен бәсекелесу мүмкін емес» деп мәлімдеп, ішкі нарықты одан қорғау шараларын қолға алуды сұрайды. Сала өкілдері импорттық аяқ киім жұбының ең төменгі құнын 20$ сомасында бекітуді ұсынды.
Импорттың дәурені жүріп тұр
Отандық өндірушілер аяқ киім тасымалдауда демпингке қарсы шараларды қолға алу керек деп тұжырымдайды. «Lux Shoes» ЖШС бас директоры Қайрат Хасанбаевтың пайымдауынша, отандық етікшілердің басты мәселесі –арзан тауардың ішкі нарықты басып қалуы.
Егер, орта есеппен, әр адамға жылына әр маусымға сай 4 жұп аяқ киім керек деп алсақ, отандық нарықтың жылдық сыйымдылығы – 70-80 миллион жұп аяқ киім. Сырттан келетін тауар...