Қазақстанда энергетикалық қадағалауды күшейтуді көздейтін «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасын Мәжіліске Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев таныстырды.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң жоқ. Заң болмағаны себепті салада стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарлары жоқ. Бұл өз кезегінде саланың инвестициялық тартымдылығының болмауына, кәсіпорындардың тиімсіздігіне әкеледі.
Ал «Жылу энергетикасы туралы» Заң жобасын және оған ілеспе заң жобаларын қабылдау саланы дамытуға, сондай-ақ электр және Жылу энергетикасы салаларындағы бірқатар ағымдағы мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.
«Аталған мәселелерді реттеу мақсатында Министрлік Азия даму банкінің қолдауымен халықаралық сарапшыларды тарта отырып осы заң жобасын...