Қазақстанда жастарды көшеден ұстап алып, әскерге алып кету науқаны белсенді жүргізіліп жатыр. Дәл осындай жолмен, әскерге алынған жігіттің қарындасы жақында әлеуметтік желіде жазба жариялап, ағасына араша түсуді сұрады.
Аға арманы
Элмираның айтуынша, ағасы Нұрсұлтан Назарбаев мектебін тәмамдап, Назарбаев университетіне грантқа өткен. Қажетті құжаттарды 25 маусым күні тапсыруы тиіс еді. Алайда Нұрсұлтанды әскерилер көшеден ұстап алып кеткен. Қарындасы енді ағасының арманы орындалмайтынын және гранттан айырылатынын айтады.
«Нұрсұлтан өз мақсатына жету үшін Foundation бағдарламасын аяқтап, НУ-ға жарна төлеп, университеттен шақырту алды. Бұл құжат үш міндетті талапты анықтайды. Бірінші талап – 100 мың теңге...