2025 жылдың 8 маусымында Көлік министрлігін екі жылға жуық уақыт басқарған Марат Қарабаев қызметінен босатылды. Соған байланысты KursivMedia бұған дейін осы министрлікті басқарған шенеуніктерге шолу жасады. Олардың арасында бұрын істі болғандар да, жазасын өтеп жатқандар да бар.
Бұрын сотты болған Көлік министрлері
Бұған дейін Көлік министрлігін басқарған екі адам премьер-министр болды, алайда екеуі де кейін сотталды. Оның бірі – Кәрім Мәсімов. Ол 2000-2001 жылдары Көлік және коммуникациялар министрі қызметін атқарған.
2007-2012, 2014-2016 жылдары премьер-министр болды. 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім 2023 жылдың сәуірінде шықты. Мәсімов қылмыстық кодекстің 175-бабыны...