Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарының Шарм-эль-Шейхке кіру ережелері өзгерді. Мысыр Сыртқы істер министрлігінің жаңа талаптарын жариялады.
Енді Қазақстан азаматтары 21 жасқа дейінгі балалар туыстарымен (әже, ата, тәте, көке, ағасы, әпкесі) бірге сапарға шықса, бір ата-анасынан нотариалды расталған келісімхат қажет. Онда ел мен сапар мерзімі көрсетілуі тиіс.
Құжаттар тізімі:
Баланың туу туралы куәлігі; Туысының паспорты; Орыс және ағылшын тілінде нотариалды расталған келісімхат.🔹 Сонымен қатар, аталған елдердің азаматтары егер толық туристік пакетсіз (тек әуе билетімен) баратын болса, онда:
Мысыр елшілігінде алдын ала виза рәсімдеуі, Ұлттық қауіпсіздік қызметінен арнайы рұқсат алуы қажет.Осы жылғы ең танымал бағыттардың бірі – Түркия мен...