Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Назарбаев университіне» қарсы талабын қанағаттандырды.
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымынан мемлекет кірісіне 12 038 750 (он екі миллион отыз сегіз мың жеті жүз елу) теңге, мемлекеттік баж есебіне 361 162 (үш жүз алпыс бір мың бір жүз алпыс екі) теңге мөлшерінде өсімпұл өндірілсін», – деп шешті сот.
Яғни 2024 жылдың 18 наурызында өткен сот отырысынан кейін жалпы алғанда «Назарбаев университет» 12 399 912 теңге төлеуі қажет. Университет шешімге байланысты аппеляциялық сотқа шағым түсіре алады.
Сот материалдарына сәйкес, тараптар 2021 жылдың 13 шілдесінде 2021 жылдан 2023 жылға дейін «Интеллектуалды криптографиялы...