«Әл-Каида» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымы көшбасшыларының бірі Йеменде жүзеге асырылған арнайы операция кезінде өлтірілді, деп мәлімдеді АҚШпрезиденті Дональд Трамп, деп хабарлайды Интерфакс.
«АҚШ президенті Дональа Трамптың нұсқауы бойынша АҚШ Йеменде терроризмге қарсы операция өткізіп, оның барысында «Әл-Каиданың» Араб түбегіндегі ұйымының (AQAP) негізін қалаушысы және көшбасшысы – Қасым әл-Римидің көзі жойылды», – делінген таратылған хабарламада.
Онда әл-Римидың басшылығымен AQAP «Йемен халқына қарсы теңдесі жоқ зорлық-зомбылық актілерін жүзеге асырып, Құрама Штаттарға және онң қарулы күштеріне көптеген шабуылдарды ұйымдастыруға және оларға дем беруге тырысқаны» атап өтілген.
«Оның көзінің жойылуы AQAP-ты және жалпы «Әл-Каида» тобын одан әлсірете түседі және бізді өзімізд...