Премьер-министр Олжас Бектенов «Отбаса банкке» қатысты «несиенің барлық сомасына пайыздық мөлшерлеме алады» деген сынға жауап берді.
Депутаттар «Отбасы банкінен» ипотека алған азаматтар депозитке соманың жартысын жинайтынын айтты. Кейінірек банк қарыз алушыға мүлікті сатып алу үшін жетпей тұрған бөлігін береді. Бұл ретте банк тұрғын үйдің бүкіл құнына сыйақы мөлшерлемесін белгілейді. Бұл – адамның өз қаражаты және банк берген сома.
Олжас Бектенов әуелі банкке салымшы қаржыны қалай жинайтынына тоқталды. «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй құрылысы жинақтары шарты бойынша, қарыз салымшыға кемінде 3 жыл шотта қажет соманың 50%-ын міндетті жинаған кезде беріледі. Бұл ретте қарыз алушы банктің сыйақысын жинаған қаражатты есепке...