Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі. Жобаның нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін:
Порталға тіркелу; грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны...