Елімізде инвестициялық қорлар туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен хабарлады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаметінің директоры Дәулетбақ Айдынның сөзінше, соңғы он жылда жеке азаматтар да, бизнес тарапынан да инвестициялық қорға деген қызығушылық артқан. Қазір еліміздің ішкі нарығында 74 инвестициялық қор бар, жалпы көлемі 420 млрд теңгеден асады. Бес жылда ашылған жеке инвестициялық шот саны 4 млн-нан асты.
Былтыр жеке компаниялар мен квазимемлекеттік ұйымдар қор нарығы арқылы 6 трлн теңгеден аса қаржы тартқан. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 58%-ға артты. Акция нарығының капиталы 31,1 трлн теңгеден, ал ұжымдық облигация...