Қазақстандық кәсіпорындар биыл төрт ай ішінде 9 трлн теңгенің тауарын шығарды. Осылайша өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға өсіп, отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаты артты. Ал импортқа тәуелділік көрсеткішінің төмендегені байқалады. Мұндай мәліметтерді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында айтты.
Өңдеу өнеркәсібіндегі ең жоғары өсім машина жасау (111,2%), химия өнеркәсібі (111,2%), құрылыс индустриясы (112,9%) және жиһаз өндірісі (114,8%) салаларында байқалды. Сонымен қатар металлургия, электрондық және жеңіл өнеркәсіп салаларында да оң динамика қалыптасып отыр.
Ерсайын Нағаспаев отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында маңызды бастамаларын атап өтті:
Реттелетін сатып алулар аясында отандық өнімге басымдық беру; Ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімдер жүйесін енгізу және кеңейту; Дайын...