«Келешек мектептеріне» жас мұғалімдерді іріктейтін жаңа цифрлық платформа іске қосылып отыр. Оны әзірге тек қана мектеп директорлары қарамақ.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына қарағанда, жаңа платформа «Келешек мектептері» атты жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге жол ашпақ.
Қанша мұғалім іріктелді?
Цифрлық платформа career.orleu.edu.kz деп аталады. Онда «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сүрінбей өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары болады. Нақты айтқанда, 600-ге тарта жас мұғалім іріктеуден өткен.
Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталады. Одан электронды портфолио жасалады. Қазіргі кезде платформа тек «Келешек мектептері» директорлары үшін қолжетімді.
Үміткерлер қалай таңдалады?
Олар...