Талдықорған сотында жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. 2025 жылдың 2 маусымында сотталушылардың адвокаттары іс бойынша ой-пікірін айтты, деп хабарлайды KursivMedia.
Олардың қатарында кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақтың авдокаты Жалқын Қабылов та бар.
«Думан Ысқақ өзіне тағылған айыпты мойындамайды. 2024 жылдың 7 қазанында тергеп-тексеру органдары Ысқақтан жауап алғаннан кейін, оны босатып жіберген. Әрекеттерінде ешқандай қылмыс құрамы жоқ болғандықтан. Кейіннен жәбірленушілердің үйі өртеніп, әлеуметтік желіде шу болып, «қылмысқа қатысқан 13 адам» деген әңгіме шыққан соң, 2024 жылдың 10 қазанында тергеп-тексеру органдары қайта жауап алып, қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша күдікті деп танып, Думанды қамауға...