2025 жылғы 1–4 маусым аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін. Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады деп хабарлайды «Қазгидрометтен».
Батыс Қазақстан облысы +32…+37°C дейін ыстық. Құрғақ ауа райы өрт қаупін арттырады.
1 маусымда найзағай, бұршақ, екпінді жел (15–20 м/с) болуы мүмкін.
Атырау облысы +34…+39°C, жауын-шашынсыз. Оңтүстікте, батыста және солтүстікте — төтенше өрт қаупі. Атырау қаласында найзағай болуы мүмкін.
Маңғыстау облысында да қатты ыстық – +35…+40°C, әсіресе оңтүстікте. Облыс бойынша жоғары және төтенше өрт қаупі бар. 1 маусымда солтүстікте – найзағай, оңтүстікте және солтүстік-шығыста – аптап ыстық.
Ақтөбе облысында +30…+38°C, оңтүстікте және солтүстікте...