Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыстарын 23,4 млрд теңгеге қысқартуды ұсынды. Яғни 2,31 трлн теңгеден 2,28 трлн теңгеге дейін. Ал кейбір бағыттар бойынша қаржыны керісінше ұлғайту ұсынылды.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жария талқыға шығарылған құжатта жазылған. 2024 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы қаулы жобасы бірнеше бағытты қамтиды.
Оған сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және нысаналы трансферттер бөлігінде түзетулер енгізілмек. Үкіметтің кезек күттірмейтін шығыстары мен заңды міндеттемелері бойынша резерві 130 млрд теңгеден астам сомаға артады.
Инвестицияларға басымдық берілмек
Жалпы мемлекеттік қызметтерге шығыстарды 1,1 млрд теңгеге арттыру ұсынылып отыр. Алайда республикалық инвестициялық жобалардың құнын...