Қазақстанның үш қаласы: Көкшетау, Өскемен және Семейде салынатын жаңа жылу электр орталықтарының (ЖЭО) құрылысын Ресей қаржыландыруға уәде берген еді. Алайда бұл жоспар қазір тығырыққа тіреліп тұр.
Orda сайтының хабарлауынша вице-премьер Роман Скляр Ақорда кулуарында Ресей тарапының пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қатысты қиындықтары бар екенін растаған.
«Егер Ресей ақша бере алмаса, басқа инвестор табамыз. Бірақ қазіргі уақытта нақты инвестор жоқ. Бұл мәселе маусым айының соңына дейін шешілуі керек», – деді Скляр.
Ресей уәде бергенімен үнсіз отыр
Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл жобаларүшін Ресей арзан несие беруі мүмкін екенін мәлімдеген Ол...