«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін дайындалған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады. Есеп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген.
Топтың шоғырландырылған кірісі 43%-ға ұлғайды
2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 434 635 млн теңгені құрады (2022 жылы 1 001 171 млн теңгені құрады). Бұл динамика негізінен:
U3O8 спот бағасының жоғарылауы есебінен сауданың орташа бағасының өсімімен; клиенттердің қосымша сұраныстарына, сондай-ақ жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттарға байланысты U3O8 іске асыру көлемінің ұлғаюымен; «Үлбі-ТВС» ЖШС-нің 2023 жыл ішінде ТВС жеткізу көлемінің ұлғаюына және ҮМЗ сирек металдарынан жасалған өнімді сатудан түсетін кірістердің ұлғаюына сәйкес БУӨ және басқа уран...