Қазақстанда жеке инвесторлар салықты сальдолау принципін ескере отырып төлейтін болады. 2025 жылдың басынан бері жасалған бүкіл мәміле жиынтық нәтиже бойынша есепке алынады, яғни, кірістен шығынды шегеру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өзгерістер жаңа Салық кодексіне енгізіліп, оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойды.
Сондай-ақ құнды қағаздарды сатып алу кезінде брокер комиссиясын да шығын ретінде есептеу мүмкіндігі енгізіледі. Осылайша, салық тек нақты табысқа салынбақ. Бұл өзгеріс бұған дейінгі теңсіздікті жояды, ол кезде инвестордың жалпы шығынға қарамастан салық төлеуіне тура келетін жағдайлар болған.
«Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасы Сергей Лукьянов «Курсивке» берген пікірінде жаңа ережелер салық жүйесін анағұрлым қисынды, ашық әр...