Алматыда Қазақстандағы мәдениет пен өнер саласындағы ең танымал Freedom Ticketon Awards премиясыныңсегізінші марапаттау рәсімі өтеді. Дауыс беру 3 наурызда басталып, 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түнде аяқталды. Шамамен бір жарым ай бойы қазақстандықтар өткен жылы өнер мен мәдениет саласында айрықша көзге түсіп, елеулі үлес қосқан сүйікті тұлғаларына белсенді түрде дауыс берді. Халықтық дауыс беру аясында үміткерлерге барлығы 142 875 дауыс берілді.
Биыл марапаттау рәсімінің форматы өзгерді. 28 мамырда онлайн форматта өтеді, басталуы – 16:00-де. Тікелей эфир сілтемесі.
Тікелей эфир барысында ұйымдастырушылар мен ұйымдастыру комитетінің өкілдері биылғы жылдың 26 номинациясы бойынша жеңімпаздарды жариялайды.
Биыл дауыс беру механикасы өзгеріп, үш түрге бөлінді: халықты...