55 жастағы кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов есімі қалың көпшілікке 2016 жылы белгілі болды. Сол жылы продюссер Баян Алагөзова (ол кезде Есентаева – ред.) Түркиядан қайтып келгенде әуежайда күтіп алған жұбайы пышақтап, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Кейінірек Түркияда кәсіпкер Алагөзовпен бірге болғанын білдік. Осы жағдайдан кейін бизнесмен бірінші әйелімен ажырасып, Баянмен ресми түрде некесін қиды. Бақытты аяқталған ертегі сияқты көрінеді. Бірақ кәсіпкердің өміріндегі «қызық» сол кезде ғана басталды.
Maxi Чай-дың шын иесі кім?
Тұрсынғали Алагөзов – 1969 жылы 17 қыркүйекте Алматыда туған. Бала кезімнен кәсіпкерлікке жақын болдым дейді ол. 12-13 жасында достарымен Николь базарының маңында қауын-қарбыз, сыра тиеген. Таста...