Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект дағдылары бойынша AI Qyzmet оқыту бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады.
AI Qyzmet оқыту бағдарламасының мақсаты – мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ЖИ құралдарын жұмыс үдерістеріне енгізу екені хабарланды.
Министрлік мәліметінше, оқыту аясында мемлекеттік қызметкерлердің жұмысында жасанды интеллектіні саналы түрде қолдану дағдысын қалыптастыру, әкімшілік үдерістерді автоматтандыру мен деректерді талдау арқылы оңтайландыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Қазақстандағы жергілікті AI-шешімдерін енгізу арқылы өнімділікті арттыру және шешім қабылдау сапасын жақсарту көзделуде.
«Курс мемлекеттік қызметкердің күнделікті қызметіндегі ЖИ-ді қолданудың негізгі сценарийлерін қамтиды: жоспарлау, ақпаратты өңдеу, презентациялар жасау, шешім қабылдау, тапсырмаларды...