2023 жылдың статистикасына сәйкес 0-17 жас аралығындағы балалардың үлесі халықтың жалпы санының 34,1 пайызын құраған. Бұл деректер Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Шынар Төлешованың мақаласында келтірілген.
Сарапшы мәліметінше, 2005 жылдан бастап Қазақстанда туу деңгейі көтеріліп келеді. Бұл жағдай халықтың жас құрылымындағы балалар үлесінің артуына ықпал еткен.
«2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 0-17 жас аралығындағы балалардың үлесі халықтың жалпы санынан 34,1%-ды, яғни 6 738 016 адамды құрады», – дейді сарапшы.
Ал еліміз бойынша туу деңгейі жоғары өңірлерде, сәйкесінше балалардың салыстырмалы түрде үлесі де артқан. Мәселен, Түркістанда – 43,3%, Маңғыстау облысында – 41,8%, Шымкент қаласында...